жексенбі, 7 шілде, 2024 6:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ТҮРМЕДЕ ДЕ ТИІМДІ ТІРЛІК БАР

ТҮРМЕДЕ ДЕ ТИІМДІ ТІРЛІК БАР
ашық дереккөзі
ТҮРМЕДЕ ДЕ ТИІМДІ ТІРЛІК БАР
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азаматтарды пайдалы іске баулу мәселесі қоғамда өзектілігін жойған емес. Бұл ретте түзеу мекемелерінде өндіріс орындарын ашып, сотталғандарға жұмыс беріп отырған кәсіпкерлер де баршылық. Жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке тарту түзету мекемелерінің басты міндетінің бірі. Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты №58 мекемесінде 22 сотталған азамат бүгінде ақылы жұмыспен қамтылып, жалақы алып отырған жайы бар. Шағын ғана аяқ киім цехында осы азаматтардың қолымен  тігілген былғары аяқ киімдер бүгінде еліміздің барлық аймағына шығарылуда. Осындай жолмен олар өздеріне де, мемлекетке де пайда келтіріп отыр. Нақтырақ айтқанда, келісім-шарт негізінде айлық алып, мемлекеттік және талап қарыздарын өтеуде. Күніне 20 пар бәтеңке, тәпішке, спорттық аяқ киімнің түр-түрін түскен сұранысқа сай тігіп береді. Сапасы бағасына сай аяқ киімге бүгінде сұраныс арта түспесе, кеміген емес. Ал бұл жұмысқа икемі бар сотталғандар бір ай бойы шебердің алдында оқытылады. Сынақ мерзімінен сүрінбей өткендер бірден жұмысқа кіріседі. Бұл жалпы, үш тарапқа да тиімді екенін айта кеткен жөн. Түзеу мекемесі сотталғандарды жақсы істерге жетелесе, кәсіпкер осы арқылы жұмысын жүргізеді, сәйкесінше, сотталғандар да өздерінің еңбегіне ақы алады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар