Түрмеде камера сындырған сотталушы жазасына тағы 1 жыл қосып алды
- авторjambylinfo.kz
- 7 қыркүйек, 2024
- 400
Қостанай облысындағы мекемелердің бірінде қамауда отырған адамның жаза мерзімі алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы бойынша көбейтілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай облысында кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы бейнебақылау камерасын сындырып тастаған. Ол бұған дейін темір тордағы тәртіпсіздігі үшін 36 рет ескерту алған екен. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті камераның сынғанына қатысты келтірілген шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінді. Сондай-ақ бейнебақылау камерасының зақымдануы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Сотталушы өз кінәсін мойындап, оның өкілдері 111 мың 400 теңге көлеміндегі шығынды өтеп берді, ол өз ісін «жүйкем сыр берді” деп түсіндірді. Бейнебақылау камерасын бүлдіргені үшін оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бұрынғы үкім бойынша өтелмеген жазасын ішінара қосып, сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеу үшін түпкілікті жаза тағайындалды», - деп хабарлады түзеу мекемесінен.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының тапсырмасымен түзеу мекемелеріндегі бейнекамераларды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Баптың санкциясында алты айдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024