Төтенше жағдай басталғаннан бері Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткен
Жылыой аудандағы гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратып жатыр
Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек келген. Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қазір аудандағы гуманитарлық көмекті алпысқа тарта ерікті халыққа таратып беріп жатыр.