Төтеншеліктер Жаңа жыл кешін өткізуге қойылатын талаптарды түсіндірді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:34
- 39
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, адамдар жаппай жиналатын іс-шара өтетін ғимараттар арнайы талаптарға сай болуы керек. Атап айтқанда, мұндай нысандарда кемінде екі эвакуациялық шығу есігі болуы шарт. Сонымен қатар жанғыш материалдармен қапталған ғимараттардың екінші қабатынан жоғары деңгейінде жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат етілмейді.
Маман ғимаратты безендіру кезінде де қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін атап өтті. Әшекей шамдарды электр желісіне дұрыс жалғау қажет. Егер ғимаратта төмендеткіш трансформатор қарастырылмаса, шыршаға орнатылатын жарық шамдарының кернеуі 12 вольттан аспауы тиіс.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды мерекені қауіпсіз өткізуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.




