Талдықорғандағы демалыс орнында төбелес болып, оқ атылды
Жанжалдасқандар арасында әскери адам да болған
Күні кеше Талдықорғандағы демалыс орындарының бірінде оқ атылды. Оқыс оқиғаның видеосы Instagram-дағы Taldykorganec.insta парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жетісу облысының полиция департаменті бастапқыда тәртіп сақшылары жанжалдың барлық мән-жайларын анықтап, тексеру жүргізіп жатқандарын хабарлады.
Кейінірек ПД төбелеске қатыстылардың барлығы ұсталғанын айтып, олардың бірі әскери адам екенін растады.