Тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін
Тамыз айында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде орташа құрғақшылық күтіледі
"Қазгидромет" мамандарының алдын ала болжамы бойынша, тамыз айында еліміздің оңтүстік өңірлерінде құрғақшылық қаупі жоғары болып қала береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Орташа құрғақшылық күтілетін аймақтар:
Батыс Қазақстан облысы: Жаңақала және Қаратөбе аудандары;
Ақтөбе облысы: Шалқар және Ырғыз аудандары;
Қостанай облысы: Амангелді және Жангелдин аудандары;
Қарағанды облысы: Ақтоғай және Шет аудандары;
Абай облысы: Аягөз және Үржар аудандары;
Алматы облысы: Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандары;
Жетісу облысы: Қаратал, Панфилов, Кербұлақ және Алакөл аудандары;
Қызылорда облысы: Қызылорда қаласы, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандары;
Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігі.
Орташа ылғалдылық сақталатын өңірлер:
Павлодар облысы: Ақтоғай және Железин аудандары;
Солтүстік Қазақстан облысы: Жамбыл және Мағжан Жұмабаев аудандары.
Ал еліміздің басқа аймақтарында ылғалдылық деңгейі қалыпты шамада болады деп болжануда.