Таразда полиция қызметкері оқушының өмірін сақтап қалды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің электрондық поштасына тараздық тұрғын ұлының өмірін сақтап қалған полиция қызметкеріне қатысты алғыс білдірген хат келіп түскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Анасының айтуынша, ол Тәуке хан көшесінің бойымен 11 жасар ұлын ертіп, мектептен үйіне келе жатқан. Кенет балаға ауа жетпей, тыныс алуы қиындай бастаған. Олар автосалон алдына тоқтаған кезде, бала ес-түссіз болған.
Бұдан соң бала шұғыл ауруханаға жатқызылған. Мамандардың мәліметінше, қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Анықталғандай, баланың ыстығы көтерілген, сондықтан, тамағы құрғап, тілі тамағына тіреліп, дем ала алмай қалған.
Баланы құтқарған полиция қызметкері Жамбыл облысы Полиция департаменті Штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Асхат Қуандықов болып шықты. Ол өзінің іс-әрекеті туралы ешкімге айтпаған.
"Асхатқа зор алғысымды білдіргім келеді! Егер ол болмаса, менің ұлым өліп кетуі мүмкін еді. Оған қызметінде сәттілік тілеймін!", - дейді баланың анасы.