Елімізде

Тасып жатқан өзенге өздері кірген - ТЖМ вице-министрі Аягөзде су кеткен екі адам жайлы

ТЖМ Абай облысында 12 сағат көмек күтіп, ақыры суға кеткен екі азаматқа қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда трактордың үстінде тұрған екі адамның су ағып кеткен видеосы әлеуметтік желіде тарап жатқанына бір апта болды. Бүгін журналисер Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовқа осы екі адамның өлімі туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бірақ, Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың ойынша, бұл екі адамның жағдайын "су тасқынынан болған адам шығыны" ретінде қарауға болмайды. Өйткені, Сыздықовтың ойынша, Аягөз ауданында суға кеткен бұл тұрғындар жолды қысқарту үшін тасып жатқан өзенге өздері кіріп кеткен. 


Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Аягөз ауданының Қаратал ауылында трактордың үстінде 10 сағат отырып, 2 адам суға ағып кеткен марқұмдардың денесі табылмай жатыр.