Елімізде

Техникалық байқаудағы заңсыздықтар: Мәжіліс депутаты мәселе көтерді

Депутаттың айтуынша, бүгінде техникалық тексеріс жүйесінде ашықтықтың жеткіліксіздігі және заң бұзушылықтар жиі орын алып отыр.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қазақстандағы көлік құралдарының техникалық жағдайына қатысты өзекті мәселе көтерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдап, автокөліктерді техникалық байқаудан өткізудің қазіргі тәртібін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, бүгінде техникалық тексеріс жүйесінде ашықтықтың жеткіліксіздігі және заң бұзушылықтар жиі орын алып отыр. Осыған байланысты Жайымбетов бірнеше ұсыныс білдірді.