Елімізде

«Телехикая» тәрізді созылған Бишімбаевтың соты қашан аяқталатыны белгілі болды

Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысының жүріп жатқанына шамамен 1 ай болды

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысының жүріп жатқанына шамамен 1 ай өтті.  Қазір өазақстандықтар сот процессін онлайн режимде жіті бақылап, соттың қашан аяқталатынын күтіп отыр. Бұл сұраққа жәбірленушілер тараптың адвокаты Жанна Оразбақова инстаграм әлеуметтік желісінде жауап берген. 

Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша БАҚ пен әлеуметтік желіде бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы сабап, өлімші күйге жеткізді деген күдікке ілінген. Оқиға Астана қаласындағы «Bau» мейрамханасында болды.