Елімізде

Темірлан Анарбеков «Халықтың сүйіктісі – 2025» ұлттық сыйлығына үміткер атанды

Биылғы марапатқа Темірлан Анарбековпен қатар елге танымал дәрігерлер, спортшылар, ғалымдар, тележүргізушілер және қоғам қайраткерлері де ұсынылған.

«Қайрат» футбол клубын Чемпиондар лигасына шығарған қақпашы Темірлан Анарбеков «Халықтың сүйіктісі – 2025» ұлттық сыйлығына үміткер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, лауреаттарды анықтайтын алғашқы дауыс беру кезеңі 13 қазанда басталып, 24 қазанға дейін жалғасады. Биылғы марапатқа Темірлан Анарбековпен қатар елге танымал дәрігерлер, спортшылар, ғалымдар, тележүргізушілер және қоғам қайраткерлері де ұсынылған.

Биыл ұлттық сыйлық 11 негізгі номинация бойынша табысталады. Олар:

Жылдың мұғалімі

Жылдың ғалымы

Жылдың дәрігері

Жылдың мәдени жобасы

Жылдың тележүргізушісі

Жылдың спортшысы

Жылдың параспортшысы

Жылдың парламентшісі

Жылдың қоғам қайраткері

Жылдың жастар көшбасшысы

Жылдың медиа-тұлғасы

Дауыс беру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 13–24 қазан аралығында Facebook желісіндегі сыйлықтың ресми парақшасында өтеді. Ең көп дауыс жинаған төрт үміткер финалға жолдама алып, жеңімпаздар ұлттық сыйлықтың ресми сайтындағы соңғы дауыс беру нәтижесімен анықталады.

Айта кетсек, өткен жылы бұл марапаттың иегері болып Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет танылған еді.