дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Теміртауда төтенше жағдай жарияланды

Теміртауда төтенше жағдай жарияланды
Сурет ekaraganda.kz сайтынан алынды
Теміртауда төтенше жағдай жарияланды. Қаланың оң жағалауындағы халық сусыз қалған. Бұл туралы 30 наурызда қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, су құбырындағы апаттың салдары жаман болуы мүмкін. Сондықтан әкімдік қолданыстағы заң аясында қалада төтенше жағдай жариялаған.

"Құрметті теміртаулықтар, кеше Оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым", - деді қала әкімі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар