Елімізде

Теміртауда жантүршігерлік жол апатынан 2 бала қаза тауып, 10 адам жарақаттанды

Оқиға 2024 жылы 7 мамырда болған

Теміртау қаласына жақын жерде екі көлік соқтығысып, екі бала қаза тапты. Тағы 10 адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz Қарағанды облысы полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

Жол апаты 7 мамыр күні сағат 17:56-да Алматы-Екатеринбург тас жолында, Теміртау қаласына жақын жерде болған. Toyota Camry және Chevrolet Nexia маркалы екі көлік соқтығысып, екі бала тіл тартпай қаза тапқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.