Террористік қылмыс жасағаны үшін 3 қазақстандық сотталды
Олар 7 жыл бас бостандығынан айырылды
ҰҚК террористік сипаттағы үшін Қазақстанның үш азаматы сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды.
11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде ұсталудағы елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.