сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өткен жылы елімізде 515 жаңа БАҚ тіркелген

Өткен жылы елімізде 515 жаңа БАҚ тіркелген
istockphoto.com
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін жүйелі реформалар, институционалдық даму және кәсіби стандарттарды нығайту кезеңі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазіргі кезде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар, оның 306-сы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа БАҚ тіркелді.

Саланың маңызды бағыттардың бірі – отандық баспа ұйымдарын қолдау. 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған Заңға сәйкес, жаңа Салық кодексі бойынша баспа түріндегі кітап өнімдеріне қосымша құн салығы 10% мөлшерде белгіленді.

Сонымен қатар, Министрлік 2025 жылы «Онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі.

Ақпарат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық та қарқынды дамыды. Осы жылы Түркиямен бірлесіп «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяның түсірілімі аяқталды, алғашқы Қазақстан-Қытай бірлескен жоба «Іледе күтемін…» телесериалы түсірілді, сондай-ақ Ресей Федерациясымен «Аллигатор» атты сегіз сериялы көркем телесериал әзірленді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар