Елімізде

Тоқаев Активтерді қайтару комитетінің басшысын қызметінен босатты

Ол бұл қызметке 2023 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Активтерді қайтару комитетінің төрағасын қызметінен босатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетейік, заңсыз активтерді қайтару бойынша комитеттің қызметі аяқталды. Құрылым алдағы уақытта қайта ұйымдастырылып, атауы өзгереді. Келесі жылдан бастап комитет инвесторлардың құқықтарын қорғауға басымдық береді.