Елімізде

Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады

Бұған дейін мемлекет басшысы су басқан өңірлердің біріне сапар жасайтыны хабарланған еді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының басында қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Дереккөзге сүйенсек, зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінген.