Елімізде

Тоқаев халықтан не үшін кешірім сұрады

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына жасаған сапарынан елге орала сала,  Қазақстандағы су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ақорданың хабарлауынша, жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің басшылығы және басқа да лауазымды тұлғалар қатысқан.

Мемлекет басшысына аймақтардағы қазіргі қалыптасқан ахуал туралы, атап айтқанда, адамдарды құтқару және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.