Елімізде

Тоқаев Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді. 

Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады. 

Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар. 

Мемлекет басшысы «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.

Кездесу соңында Президент футбол добына қолтаңба қойды.