Елімізде

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Ол қаланың жаңа әуежайын аралап көрмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Сапар барысында Президент әуежайдың жаңа терминалын аралап көреді және басқа да бірқатар нысанға барады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.