Елімізде

Тоқаев жаңадан тағайындалған цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады

Су жаңа министр президентке министрліктің алдында тұрған міндеттерді баяндады

Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Қабылдау кезінде Жаслан Мәдиев ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан.

Министр сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу, AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді.

Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.