Елімізде

Тоқаевтың тапсырмасымен барлық мемлекеттік органдар отандық Aitu мессенджеріне көшеді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы талқыланған жиын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Басты міндеттердің бірі – жасанды интеллектіні экономиканың түрлі салаларына енгізу. Үкімет «Самұрық-Қазына» қоры­мен бірлесіп, өндіріс процестеріне ІІ технологияларын енгізу бойынша жол картасын әзірлемек.

Денсаулық сақтау саласында ІІ-ді неғұрлым дәл диагноз қоюға, емді жеке бейімдеуге және дәрігерлерді күнделікті қайталанатын жұмыстардан босатуға пайдалану жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Президенттің деректердің сыртқа кету қаупін болдырмау үшін отандық мессенджерге көшу туралы ұсынысы да қаралды.

Үкімет жақын арада нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны жүзеге асыруды жеделдетпек.