Тоңып қалмаңыз: Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қыркүйек, 2025
- 6.8k
Қазақстан аумағына Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массалары ықпалын тигізіп жатыр. Соның нәтижесінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, күздің салқыны сезіле бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы +2…+8°С-қа дейін төмендейді. Кей аймақтарда топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Бұл ауыл шаруашылығына да әсер етуі мүмкін.
"Қазақстанның ауа райына Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массаларымен толыққан антициклон әсер етуде, ол республиканың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуін әкеледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта ауа температурасы +2…+8°С-қа дейін төмендеп, топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Тіпті оңтүстік-шығыс өңірлерінің тұрғындары да күндізгі уақытта ыстықтың бәсеңдеп, +20…+28°С шамасында болатынын сезінеді. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысы кезеңнің басында Иран аймағынан келген жылы ауа массаларының ықпалында болады, онда әлі де +32…+40°С қатты ыстық сақталады", - делінген хабарламада.
Сарысу ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
Мәдени мұраға қатысты жаңа заңнамалық түзетулер: Ерлан Қарин жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025






