Туризм тәртіппен дамиды: Шардара жағажайларының жұмысы қатаң бақылауда
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, «Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларды аралап көрді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нұралхан Көшеров ондағы нысандардың жай-күйімен танысып, санитарлық тазалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қадағалады. Жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар берді.
Туристер жиі баратын негізгі орындар – «Nurdelux», «ER I ZHAN», «Алтын жағалау» және өзге де демалыс орындары демалушылардың назарын көбірек аударып отыр.
Жағажайларды аралап көрген облыс әкімі аудан әкімдігінің ғимаратында жағажайлар мен туристік нысандардың жұмысын реттеу бойынша мәжіліс өткізді.
Сонымен бірге жағажайларда құтқарушылар санын көбейту, суға тым жақын орналасқан сәкілерді талапқа сай алыстату, автотұрақты реттеу және өзге де тапсырмалар берілді.