«Туыстарым жұмысыма жақсы пікір білдірді». Прокурор Нұрбеков алғаш рет ауқымды сұхбат берді
- авторМағжан Орынбасар
- 16 мамыр, 2024
- 878
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған прокурорлардың бірі Саяхат Нұрбеков Ulysmedia.kz ютуб арнасына сұқбат беріп, сот процесі мен жеке өмірі жайында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Азаматтық некедегі әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурордың бірі Айжан Аймағанова болса, екіншісі Саяхат Нұрбеков. Прокурор қызметін атқарған 6 жыл ішінде Саяхат Нұрбеков 300 ден аса қылмыстық іс бойынша сот процессіне қатысқан. Оның сөзінше, ол бұған дейін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотында 5 жыл бойы сот отырысының хатшысы болған. 34 жастағы Тараздың тумасы алқабилердің қатысуымен өтетін сот отырысының таңсық еместігін айтады. Өйткені хатшылық қызметінде мұндай сот процестеріне қатысқан.
"Алқабилердің қатысуымен өтетін сот отырыстары тәжірибемде кездеседі. Бұған дейін хатшы ретінде мұндай сот процессіне қатысқанмын. Сотта прокуратураға конкурс ашылғанын естігеннен кейін тиісті құжаттарды өткізіп, тестілеуден өтіп прокуратура органдарына қызметке өттім. Ол кезде ішкі конкурс деген жоқ еді",- деді ол.
Сондай-ақ, Саяхат Нұрбеков Бишімбаев әділ жазасын алды деген пікірде. Прокурор алдағы уақытта да сот процестері осындай ашық өтуін құптайды. Ол атышулы іс бойынша сот кезінде жақындарынан және халық тарапынан қолдауды сезінгенін де жеткізді.
"Туыстарымның, әріптестерімнің пікірі жақсы болды. Үнемі қолдау көрсетіп отырды. Әлеуметтік желілерде де пікірлерді оқыдым. Жақсы пікірлер жазылған екен",- деді Саяхат Нұрбеков.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024