Елімізде

ТЖМ: «7 бочек» тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астана қаласындағы «Семь бочек» тұрғын үй кешенінде 250 шаршы метр аумақты қамтыған өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қызыл жалын 6 мен 16-қабаттар аралығындағы сыртқы қаптама мен 14-қабаттағы балконды шарпыған. Жалын шамамен 250 шаршы метр аумақты қамтыған.

Оқиға орнында шұғыл түрде төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеді. 100-ге жуық адам өздігінен эвакуацияланса, құтқарушылар қосымша 15 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. 

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.