дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот  үкімі шықты

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот  үкімі шықты
Коллаж: jambylinfo.kz
Судья Құлбаева сот үкімін оқыды

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.

1,5 айға созылған сот процесі ашық көрсетілді. Осы уақыт ішінде президент «Салтанат заңы» аталып кеткен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтетін заңға қол қойды. 

Ал, бүгін әлем көз тіккен сотта Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарылды. Соттың және алқабилер кеңесінің нәтижесіндегі дауыс санына сай, оған өмір бойына жаза кесілген жоқ. Бишімбаев 24 жыл бас бостандығынан айырылды. Оның қылмысын жасырды деген туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар