бейсенбі, 4 шілде, 2024 15:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әулиеаталық боз кілем шебері еліміздің көк байрағын желбіретті

Әулиеаталық боз кілем шебері еліміздің көк байрағын желбіретті
ашық дереккөзі
Әулиеаталық боз кілем шебері еліміздің көк байрағын желбіретті
Әулиеаталық боз кілем шебері Алматы қаласында өткен құрлықтық додада топ жарып, еліміздің көк байрағын желбіретті. Осыған орай грек-рим күресінен Азия чемпионы атанған жерлесіміз Сұлтан Әсетұлын облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек қабылдады.
Оңтүстік астанада «Балуан Шолақ» спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының жүлделері сарапқа салынған аламанда, грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз жеңімпаз атанған еді. Бірінші белдесуінде Тайпейлік балуанды айқын жеңіп жартылай финалда Сериялық спортшыны шаң қаптырды. Ал, ақтық сында Иранның аты шыққан балуанын тізе бүктіріп Азия чемпионы атанды.
Сұлтандай ел намысын қорғап көк туымызды желбіретіп жүрген азаматтарымыз, әрбір өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге деген облыс әкімнің орынбасары, байрақты бәсекелерде бабы мен бағы қатар келуіне тілектес екенін жеткізіп, олимпиада шыңын бағындыруын тіледі.
 width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар