бейсенбі, 16 сәуір, 2026 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Виза алу жеңілдей ме: Қазақстан мен Ұлыбритания жаңа келісімге келді

Виза алу жеңілдей ме: Қазақстан мен Ұлыбритания жаңа келісімге келді
istockphoto.com
Бұл екі ел арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік келісіміне байланысты қарастырылып отыр.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы виза алу тәртібі алдағы уақытта жеңілдетілуі ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл екі ел арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік келісіміне байланысты қарастырылып отыр.

Аталған құжат бұған дейін наурыз айында Мәжілісте мақұлданған. Келісім Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың мәлімдеуінше, келісім күшіне енгеннен кейін алғашқы қадамдардың бірі ретінде виза рәсімдерін оңайлату жоспарланып отыр.

Әсіресе студенттер, оқытушылар, ресми делегация мүшелері мен бизнес өкілдері үшін талаптар жеңілдеуі мүмкін. Оның айтуынша, Ұлыбритания соңғы жылдары көші-қон саясатын қатаңдатқанымен, Қазақстан бұл мәселені екіжақты келіссөздер барысында тұрақты түрде көтеріп келеді.

Жаңа келісімді ратификациялау тараптар арасындағы диалогты жандандырып, виза режимін жеңілдетуге бағытталған келіссөздерді ілгерілетуге жол ашады.

Айта кетейік, 2025 жылы Ұлыбритания билігі көші-қонды қысқарту жөнінде ресми мәлімдеме жасаған болатын. Ал 2026 жылдың 8 сәуірінен бастап елде виза алу құны да артты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар