Елімізде
«Үй беруін талап еткен». Кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 3 ақпан, 2025
- 753
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Жетісу облысында алқабилер соты бопсалау ісі бойынша айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен бұрынғы ЖШС қызметкерін бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп таныды.
- Ол кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 млн теңге тұратын пәтерді талап еткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кескен. Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады,- делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






