Елімізде

Әйелдерге "Ландыши" деп ән арнаған Жасдәурен 9 балалы батыр анаға үй сыйлады

Әнші қайырлі істі Харекет қорымен бірлесе жасаған

Харекет қорының «100 күнде 100 баспана» жобасы аясында 1220 үй тоғыз балалы анаға тарту етілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көп жылдан бері пәтер жалдап тұратын отбасында 9 бала бар екен. Отағасының отқарағы ортайғалы ауыр жүк әйелге артылған. Бұрыннан ыдыс жуушы боп жұмыс істеген ол қазіргі кезде еден жуушы болып нәпақа тауып жүр екен.

Тіршіліктің тауқыметін көп  көрген анаға эстрада әншісі Жандәурен Аблаев шоқ гүлі мен баспана кілтін табыстады. 
Айта кетейік, Харекет қорының «100 күнде 100 баспана» жобасы аясында мұқтаж жандарға беріп отырған 1220-ші үйі.