Ол суық қаруды интернеттен сатып алды
Көкшетау қаласының тұрғыны кастетті сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көкшетауда «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азаматына қатысты үкім шығарылған. Ол интернеттен «кастет» сатып алып, оны полиция қызметкерлері ұстағанға дейін өзімен бірге алып жүрген.
- 2024 жылдың 17 желтоқсанында сот оны 90 сағаттық қоғамдық жұмыстарға соттады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескертеді,- делінген хабарламада.
Келесі мақала
Доллар бағамы тағы да өсті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Өткен жылы санавиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшқан
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қаңтар, 2025