Елімізде

Үйінде «кастет» сақтаған тұрғын сотталды

Ол суық қаруды интернеттен сатып алды

Көкшетау қаласының тұрғыны кастетті сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көкшетауда «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азаматына қатысты үкім шығарылған. Ол интернеттен «кастет» сатып алып, оны полиция қызметкерлері ұстағанға дейін өзімен бірге алып жүрген.