Елімізде

Қызылордада екі ұстаз төбелесіп, біреуі ажал құшты

Оқиғаны облыстық полиция департаменті растады

Қызылордада қала мектептерінің бірінің мұғалімі дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін әріптесін өлтіргені туралы мәлімет тарап жатыр. Оқиға бойынша дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деген күдікпен тағы бір ұстаз қамауға алынған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оқиға болған күні қалалық мектептің екі қызметкері де демалыста болған екен. Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын айтқан.

Белгілі болғаны екі мектеп қызметкері де 31 мамырда демалысқа шыққан. Бұл оқиғаның мән-жайы әлі де  анықталуда. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оқиға мектеп аумағында емес, басқа жерде болған.