Елімізде

Заңсыз алтын өндіруге рұқсат берген шенеунік сотталды

Ол бұл «қамқорлығы» үшін ірі көлемде пара алған

ШҚО-да  экология департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Антикор мәлімдегендей, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Д. Әлиевке, жергілікті тұрғын М. Журкабаевқа және кәсіпкер К. Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.

Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.