жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Заңсыз айналым": Арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді

"Заңсыз айналым": Арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді
Фото: ҰҚК
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр

 2025 жылдың қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
40 қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскер отшашары, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастырып жатыр. 

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар