Заңсыз лотерея ұйымдастырған 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді
Елімізде заңсыз лотерея ұйымдастырған 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіп, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарды анықтады. Нәтижесінде, 2024 жылдың ақпанынан бері 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 46 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.