Елімізде

Жұмыртқа кіргізуге шектеу: АШМ мәселені қарастырып жатыр

The final spritzer

Бұл шара жергілікті өндірушілерді қорғау үшін жасалып отыр

АШМ, СИМ және өндірушілер жұмыртқа бағасын тұрақтандыру туралы Меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілердің салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізі -  тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген өзара мүдделілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

Өз кезегінде, сауда желілері одағы сауда желілерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес шекті сауда үстемесінің мөлшерін сақтауын қамтамасыз етеді және осы санаттағы жұмыртқаларды сату бойынша сыйақыны өндіріп алу фактілеріне жол бермейді.