сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 12:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаһандық жылыну жалғасуда: 2025 жыл тарихтағы ең жылы жылдардың бірі болды

Жаһандық жылыну жалғасуда: 2025 жыл тарихтағы ең жылы жылдардың бірі болды
Pixabay.com
Соңғы үш жыл — 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезең — барлық сегіз деректер жиынтығында ең жылы жылдар деп танылды, ал осы үш жылдағы орташа температура доиндустриялық деңгейден 1,48 °C-қа жоғары болды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2025 жылдың аспаптық бақылаулар тарихындағы ең жылы үш жылдың қатарына енгенін растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осылайша, жаһандық жылынудың тұрақты үрдісі жалғасуда. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректеріне сәйкес, соңғы он бір жыл (2015–2025 жж.) бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жылы жылдар болып танылды, сондай-ақ Дүниежүзілік мұхит температурасының өсуі жалғасып келеді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жүргізген сегіз жаһандық климаттық деректер жиынтығының қорытынды талдауының нәтижелері бойынша, 2025 жылы орташа жаһандық жерүсті ауа температурасы доиндустриялық кезеңнің (1850–1900 жж.) орташа мәнінен 1,44 °C-қа (шекті белгісіздік ±0,13 °C) жоғары болды. 

Деректердің екі жиынтығында 2025 жыл 176 жылдық бақылаулар тарихындағы ең жылы жылдардың ішінде екінші орынға, ал қалған алтысында үшінші орынға ие болды. Соңғы үш жыл — 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезең — барлық сегіз деректер жиынтығында ең жылы жылдар деп танылды, ал осы үш жылдағы орташа температура доиндустриялық деңгейден 1,48 °C-қа жоғары болды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның әліметінше, 2025 жыл салқындатушы Ла-Нинья климаттық құбылысымен басталып, сонымен аяқталғанына қарамастан, атмосферада жылуды ұстап тұратын парниктік газдардың жинақталуының салдарынан ол тарихтағы ең жылы жылдардың бірі болды. Құрлық пен мұхиттардың жоғары температурасы аптап ыстық толқындары, нөсер жауын-шашын және қарқынды тропикалық циклондар сияқты экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілігі мен қарқындылығының артуына ықпал етті. 

Бұл жағдай ерте ескерту жүйелерін дамыту мен жетілдірудің маңыздылығын айқындайды. Сондай-ақ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым климаттың жаһандық мониторингін жүргізудің және сенімді гидрометеорологиялық ақпаратпен алмасудың уақтылы әрі тиімді шешімдер қабылдау үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар