Елімізде

Жаңбыр, найзағай және дауыл: алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

«Қазгидромет» синоптиктері 12–14 тамыз аралығындағы Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, кей аймақтарда бұршақ пен дауыл соғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мұндай құбылысқа солтүстік-батыс циклоны себеп болады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана ыстық ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді.

Көптеген өңірде желдің күшеюі болжанып отыр. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыста тұман түсуі мүмкін.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы сәл төмендейді:

Батыста түнде 13–18 градус, күндіз 23–31 градус;

Солтүстік-батыста түнде 8–20 градус, күндіз 18–28 градус;

Солтүстікте түнде 10–17 градус, күндіз 18–23 градус;

Оңтүстікте түнде 13–23 градус, күндіз 27–37 градус.

Басқа өңірлерде температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды.