Елімізде

Жамбыл облысында сапасыз салынған канал учаскесі бұзылып, қайта жасалды

The final spritzer

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді

Жамбыл облысында бетонды дұрыс құймаған мердігер компания каналдың бір бөлігін бұзып, қайта жасауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шу ауданындағы Оң жағалық магистральді каналдың қайта жаңғыртылу барысын вице-министр Ерболат Ибрайханов барып тексерді. Тексеру кезінде «Огородный 1» каналына сапасыз бетон құйылғаны анықталды. Бас мердігерге ескерту жасалып, ақауы бар бөлікті бұзу тапсырылды. Компания талапты орындап, бетонды қайта құйды.

Қазіргі уақытта Су шаруашылығы нысандарын дамыту департаментінің мамандары мен «Қазсушардың» Жамбыл филиалының өкілдері Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру-2 жобасы аясындағы барлық каналды тексеріп жатыр. Нәтижесінде тексеру актісі жасалып, тиісті шешімдер қабылданады.

 

Бекмолда Арнат 

3 курс студенті