Елімізде

Жамбылда 3 айда мас күйде көлік жүргізген 179 жүргізуші ұсталды

Басқару құқығынан айырылған 13 азамат қайта көлік рөліне отырған

Жамбыл облысында 3 айдың ішінде мас күйінде көлік басқарған 179 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыста биылғы жылдың 3 айында 179 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізгені үшін  басқару құқығынан айырылған 13 азаматтың қайта көлік рөліне отырғаны белгілі болды.