Елімізде

Жамбылдық құтқарушылар Атбасар тұрғындарының алғысына бөленді

Су тасқыны еліміздің 10 облысын әбігерге салып жатыр. Жамбыл облысынан барған құтқарушылар Атбасар қаласында жұмыс жұмыс істеп жатыр, деп  хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облысынан аттанған құтқарушылар Атбасар қаласында 4000 жуық қап төсеген және 40 000 м3 жуық су сорып шығарған. Жергілікті халық жамбылдық құтқарушыларға алғыс айтып жатыр. 


Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Жамбыл облысы ТЖД 57 адам, 7 бірлік техника, 13 мотопомпалар және 3 үрлемелі қайық күштері мен құралдары жөнелтілген.

 

Айнура Сейділдаева 

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті