«Жасалмаған жұмысқа қаржы бөлген». Ақсу қаласындағы шенеунік мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмысынан қуылмақ
Мемлекетке жалпы шығынның 60 миллион теңгесі қайтарылды
Ақсу қаласында прокурорлар «Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс бөлімі салынып жатқан объектілер үшін шамамен 500 млн теңгені негізсіз аударғанын анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, тапсырыс беруші 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жүзеге асыратын мердігерлерге орындалмаған жұмыс түрлері үшін алдын ала төлем жасаған. Бірақ, құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен 5 айға кешіккен.