Елімізде

«Жазатайым оқиға»: Өндіріс пен құрылыс саласында 40 адам қаза тапты

The final spritzer

Бұл - 2025 жылдың статистикасы

Биыл Қазақстанда 293 жұмысшы түрлі деңгейде жарақат алған. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі өндіріс пен құрылыс саласында тіркелген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы тіркелген жазатайым оқиғалар саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 17%-ға азайған.  Бұл көрсеткіштің төмендеуіне апаттық-құтқару қызметтеріне қойылған талаптардың күшеюі ықпал еткен.

Қаңтар-сәуір айларында жұмыс уақытында:

Қарағандыда — 31;

Қостанайда — 27;

Шығыс Қазақстан облысында — 24;

Ақтөбеде — 22;

Алматы қаласында — 19 адам зардап шеккен.