Елімізде

Жетісуда мүгедектігі бар балалардың ата аналарынан негізсіз салық алынып келген

Прокуратурасы негізсіз ұсталған салықты қайтарып берді

Жетісуда мүгедектігі бар балалардың ата аналарынан негізсіз салып алынып келген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жетісу прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларынан жеке табыс салығының заңсыз ұсталғанын  анықтады.

Тексеру нәтижесінде 2 млн теңгеден астам қаражат қайтарылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

 

Тексеру одан өзге 19 ата-ана мен қамқоршыға қатысты осындай құқық бұзушылықтарды анықтады. Барлық заңсыз ұсталған ақша қайтарылып, салық бөлімінің басшысына "сөгіс" жарияланды.