Жоғары білімді педагог кадрларды даярлауға 65 мыңға жуық грант бөлінді
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді
Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның ішінде, 8 мыңнан астам орта білім беру ұйымында 415 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Сапалық құрамы бойынша педагогтердің 85%-ы жоғары білімді, 9%-ы – жоғары білімнен кейінгі, 6%-ы – техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар.
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.
Оның айтуынша, педагогтердің саны мен сапалық құрамын арттыру, жас мамандарды тарту мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр.