Жыл соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталады – Көлік министрлігі
ҚР Президентінің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту аяқталады.
Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.