Жамбыл облысының тұрғындары ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді қатысуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс бойынша дауыс беруге арналған барлығы 492 сайлау учаскесі бар. Учаскелік және аумақтық комиссиялардың жұмысына 3,8 мыңнан астам адам қатысуда. Дауыс беру процесін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің 6,500-ден астам бақылаушысы бақылауда.
Сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7-де мемлекеттік Гимн орындалып, алғашқы дауыс берушілер легі келе бастады. Бірінші болып келіп саяси белсенділік танытқан тұрғындарға сыйлық берілді.
- Сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша жамбылдықтардың 32,1% дауыс берді, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бердібек Сапарбаев дауыс берді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда "Қазақ валсі королінің" мерейтойы аталып өтілді
- авторjambylinfo.kz
- 28 қараша, 2020