жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы 70 ауылда бірде-бір АӘК алушылар жоқ

Жамбыл облысындағы 70 ауылда бірде-бір АӘК алушылар жоқ
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы 70 ауылда бірде-бір АӘК алушылар жоқ
Жамбыл облысында соңғы уақытта атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатары айтарлықтай сиреген. Өңірдегі 70 ауылда бірде-бір АӘК алушылар жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты. Облыс әкімі қарашаның басым бөлігі екі қолға бір күрек тапқанын, сондай-ақ, жеке кәсібін ашуға грант алғандар да көбейгенін жеткізді. Жалпы биылғы жылдың бес айының қорытындысы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 23,2 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Құрылған 16,4 мың жаңа жұмыс орнының 7,3 мыңы – тұрақты. Ал, 426 адам 1,5 млрд теңге көлеміндегі шағын несиеге қол жеткізген, 3 мың кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болған.

Ең негізгісі, АӘК алушылардың саны 69 мыңнан 50 мың адамға, яғни 19 мыңға дейін азайған. Облыстағы 356 ауылдық елді мекеннің 70-інің тұрғындары АӘК алмайды.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, орташа жалақы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 144 мыңнан 176,9 мың теңгеге дейін өскен.

10 ауданнан 11 ауылдық округ қатысқан ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бойынша пилоттық жоба да жемісті нәтижесін беріп келеді.  Жобаның бес бағыты бойынша 9,2 миллиард теңге игеріліп, 944 миллион теңге несие қарызы өтеліпті.

21 мың тонна дәнді және мал азығы дақылдары, 11,2 мың тонна көкөністер мен бақша дақылдары, 12,5 мың тонна ет және сүт өнімдері өндірілген.

Нәтижесінде 589 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздар саны 36 пайызға азайды. Аталған ауылдық округтерде АӘК алушылар саны 1058 адамға азайып, 2282 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар